Сәрсенбі күні Алматы сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасы ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталған «Руханият» партиясының бұрынғы жетекшісі Серікжан Мәмбетәлин мен қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевқа қатысты үкімді жеңілдетті.
Оларға тағайындалған кесім шартты жазаға ауыстырылды.
Сонымен, С.Мәмбеталинге бір жыл, Е.Нарымбаевқа 2 жыл 5 ай шартты жаза кесілді. Сондай-ақ, олардың бес жылға дейін қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салынды.