Румыния Қазақстан басшылығының діндер арасындағы диалогты нығайту бағытындағы жұмыстарын қолдайды

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 ақпанда Бухарестте Румыниядағы Қазақстан істерін уақытша жауаптанған өкіл Бақытжан Ордабаевтың Румынияның мәдениет және діндер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Деметр Андрашпен кездесуі өтті.

"Б. Ордабаев 2009 жылы Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ сьезі Астанада өтетінінен хабардар етіп, Румыниялық министрден осы елдің беделді дін қайраткерлерінің алдағы сьезге атсалысу мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Мемлекеттік хатшы Қазақстан басшылығының діндер арасындағы диалогты нығайту бағытындағы ұзаққа созылған табысты жұмыстарын қолдайтынын мәлімдеп, ол тұрақтылықты сақтауға сөзсіз септігін тигізетінін атай келе Қазақстан жағының ұсынысын таяу уақытатрда қарауға уәде берді", -делінген ҚР СІМ-нің хабарламасында.

Кездесу барысында Д. Андрашқа президент Нұрсұлтан Назарбаев тың "Еуразия жүрегінде" атты кітабы мен жуырдағы жолдауының румын тіліне аударылған нұсқасы тарту етілді.