Руслан Әлішев ОКҚ директоры қызметіне тағайындалды

Руслан Әлішев "Орталық коммуникациялар қызметінің" директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың сайтында.