Caravan Logo

Руслан Берденовке жасалған қастандық: Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

Руслан Берденовке жасалған қастандық: Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

Қазір процесс қатысушылары қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Күдікті Ернар Жиенбай бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директорының міндетін атқарған. Ол 21 сәуір күні оқиға орнында, яғни әкімдік ғимаратының жанында ұсталды. Сол күні сот оны екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бастапқыда қылмыстық істі сотқа 21 маусымда тапсыру жоспарланған болатын.

— Тергеу аяқталды, қазіргі уақытта тараптар істің материалдарымен танысып жатыр. Одан кейін іс прокуратураға жолданып, сосын сотқа жіберіледі. Сот қарауы басталған жоқ, — деп түсіндірді соттан.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Осы баптар бойынша санкция сот шешімімен 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе мүлікті тәркілеп немесе тәркілемей өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді.