Руслан Күлекбаев: Мен тек полицияны көздедім, тұрғындарға оқ атпадым

Бұл туралы “Время” басылымы хабарлайды.

Ер адам 3,5 жыл түрмеде отырып шыққаннан кейін, судья, прокурор және полицейлерден кек алу үшін осындай әрекетке барғанын мойындады. Ол “әдейі формадағы адамдарды таңдағанын, ал бейбіт азаматтарға оқ жұмсағанын” айтқан. Ал жезөкше делінген әйелді “оның жұмысы – харам” болғандықтан өлтіріпті.

“Мен шынымен өзіме кесілген үкім әділетсіз деп санағандықтан, судья, прокурорлар және полицейлерден кек алмақшы болдым. Бірінші Алмалы аудандық сотына бардым, бірақ онда ешқандай тәртіп сақшысын кезіктірмедім. Ол жерден Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне келдім де, бекеттен шыққан бірінші кездескен адамды аттым. Сосын басқа полицейге оқ жұмсадым. Мен тек полицейлерді ғана таңдадым, ал бейбіт адамдарға оқ атпадым. Ал жезөкше әйелге мен бірнеше күн бұрын харам әрекет деп айтқанмын, ол тыңдамады. Сосын оны аттым”, – дейді күдікті.


Ал Макаров тапаншасын ол тауып алған сияқты. Сөзіне сенсек, тапқан орыны есінде жоқ. Құқық қорғау органдары тексергенде екі қару да еш жерде тіркелмеген және басқа ешқандай қылмысқа да қатысы болмаған. Ал ату әдістерін ол пейнтбол ойнаумен айналысып үйреніп алғанын айтыпты.

“Мен жасөспірім кезімнен кикбокспен кәсіби түрде айналысып, тіпті облыстық жарыстарға да қатыстым. Әрине, бірінші орын алған жоқпын. Әскер қатарында болмасам да, аңшылық өнерді меңгергенмін. Сонымен қатар, пейнтболды да кәсіби түрде ойнадым”, – дейді күдіктті  Руслан Күлекбев.

Қылмыстық іс әрі қарай зерттелу үшін ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокуратурасына берілді.