Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Бұған дейін Руслан Желдібай Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босатылған болатын.