«Руыңа қарайды»: тікелей эфирге шыққан жігіт рушыл қазақтарға ренішін айтты (ВИДЕО)

Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.

Ол қазақы ортада жұмыс істеу өте қиын дейді. «Өйткені, әріптестер руыңа баса назар аударады, кейде шеттетеді. Өзге ұлт өкілдерімен жұмыс істессең мұндай қиындықтар жоқ», - дейді ол.

Бағдарламаға келгендер бұл мәселені өршіте түсті. Қонақтар пікірі екіге бөлінгенімен, видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары қазақтарды трайболизмнен аулақ болуға шақырды.