«Рыбакина мен Бублик жоқ»: Азия ойындарына қатысатын теннистен Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Ел намысын қорғайтын спортшылар:

Ерлер: Дмитрий Попко, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин және Денис Евсеев.

Әйелдер: Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сағындықова және Жанель Рустемова.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы сапында ел көшбасшылары Елена Рыбакина мен Александр Бублик жоқ.