Рыбакина Римде чемпион атанып, әлемнің 4-ракеткасы атанды

Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы Ангелина Калинина матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. Сосын бір сағатқа жуық уақытқа созылған сетті брейкпен бітірді – 6:4.

Екінші партия басында есеп 0:1 болғанда, украиналық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Бір сағат 3 минутқа созылған матч барысында Елена Рыбакина 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.


Осылайша, Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды.

Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисші 4-орынға көтеріледі.