Рыбакинаның US Open-2023 турниріндегі екінші қарсыласы белгілі болды

Ол аустралиялық Айла Томляновичпен кездеседі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бірінші айналымда аустралиялық теннисші венгриялық Панна Удвардиді 3:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 54 минутқа созылды.

Рыбакина мен Томлянович арасындағы кездесу 30 тамызға Астана уақытымен сағат 21:00-ге жоспарланған.