Рыпакова Лондондағы чемпионатта ел қоржынына бірінші медальді салды


Қазақстандық жеңілатлет үш қарғып секіруде 14,77 метрге жетіп, қола медаль иеленді. Бірінші орынды Венесуэла спортшысы Юлимар Рохас (14,91 метр) алса, күміс медаль колумбиялық Катрин Ибаргуэнге (14,89) бұйырды.

Айта кетейік, осыған дейін Рыпакованың бір ғана мүмкіндікпен әлем чемпионатының финалына шыққаны хабарланған еді. Ол іріктеу кезеңінде 14,57 метр көрсеткішке жетіп, үздік нәтиже көрсеткен болатын. Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионаты 13 тамызда аяқталады.