Юрий Слинченко, адвокат:
- Дәукеновке 18 жыл беруді сұрап отыр. Бірақ прокурорлар неліктен осыншама қатаң жазаға кескелі жатқанын түсіндіре алмады. Сотта қаралған кейбір істерге Дәукеновтің қатысы жоқ. Мысалы «Жекешелендіру» бөлігі бойынша. Барлық мүлік мемлекетке қайтарылды.
Бергей Рысқалиевтің 22 сыбайласына қатысты қылмыстық іс биылғы қаңтар айынан бері қаралып жатыр. Оларға облыстың бұрынғы әкімі құрған қылмыстық топтың құрамында болып қазынаның 71 млрд теңгесін талан-таражқа салды деген айып тағылуда. Үш қылмыстық топқа бөлінген барлығы 36 адамның 14-не халықаралық іздеу жарияланған. Олардың ішінде Бергей Рысқалиев пен оның туған інісі, Мәжілістің экс-депутаты Аманжан Рысқали да бар.