С. Ахметов EXPO-2017 көрмесін ұйымдастыру жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды

EXPO көрмесін өткізу үшін 100-ден астам мемлекет Қазақстан үшін дауыс бергеніне тоқталған Үкімет басшысы: «Бұл әлемдік мәртебеге ие болған елордамызға көрсетілген зор құрмет әрі үлкен сенім. Бұл Елбасымыздың сара саясатының, ерен еңбегінің жемісі»,-деп атап өтті.

Сонымен қатар ол Президент өзінің Үндеуінде EXPO- ны өткізуде әлем елдерінің Астананы таңдауы барша Қазақстан халқының күш-жігерінің жемісі деп атап көрсеткенін ескертіп өтті.

«Мұндай әлемдік деңгейдегі жобаны іске асыруға көп уақыт қолған жоқ. Сондықтан барлық ұйымдастыру жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен іске асыруымыз қажет»,-деп түйді Премьер-Министр.