"С..л, ш..с, зб": Дәптер сыртындағы балағат сөздер елдің жағасын ұстатты

Олар мұндай бейберекетсіздікке жауаптыларды жауапқа тарту керектігін айтады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Желіде Qazaq Brand компаниясы шығарған мектеп дәптерлері қызу талқыланып жатыр. Дәптер мұқабаларында «ШШС», «СГЛ» және «ЗБ» деген қысқартулар жазылған.

Өндіруші бұл аббревиатуралардың «Шыда, шырағым, сынақ қой», «Сен грантқа лайықсың» және «зайырлы білім» деген мағынаны білдіретінін түсіндірді.

Алайда әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі бұл идеяны қолдамады. Пікірлерде мұндай өнімдердің мектеп оқушыларына сатылмауы керектігі айтылып, кейбірі компанияны жауапкершілікке тартуға шақырды.