Саакашвили Грузия үкіметін басқарса, өзгерісті неден бастайтынын айтты

Сондай-ақ саясаткер Грузия үкіметін басқарған жағдайда, елдің жағдайын көтеру үшін не істейтіні туралы жоспарымен бөлісті.  

2004-2013 жылдары Грузияны басқарған реформатор еліне халық тарапынан жаппай қарсылық пен тәртіпсіздік туындамаған жағдайда ғана келе алатынын, сондай-ақ премьер-министр лауазымында 2 жылдан артық отырмайтынын айтты.  

«Полиция басшысын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам жүргізген конкурс негізінде тағайындау керек және парламенттің көпшілік даусымен мақұлдануы тиіс. Әділет министрі де парламенттің көпшілік даусымен,сондай-ақ оппозицияның келісімімен сайлануы керек. Ал сот жүйесіне келетін болсақ, біз міндетті түрде Грузияның Жоғарғы сотына тұрақты негізде жұмыс істеу үшін Америка, Англия, Франция және тағы басқа елдерден шетелдік мамандарды тартуымыз керек. Ал төменгі инстанциядағы судьяларды қоғам өзі сайлауы тиіс. Сонда ғана соттың төрелігіне ешқандай билік араласа алмайды», - деді Саакашвили ұсынысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік қауіпсіздік қызметі таратылып, сырттан келетін тыңшылық, диверсиялық әрекетке қарсы күресуді, шет елдерден төнетін қауіптің алдын алу жұмыстарымен айналысу үшін тек барлау қызметі қалады.


«Салық полициясы таратылады және салық баптарының түгелдей криминалсыздандырылады. Кәсіпкерлердің жұмысына құқық қорғау органды араласа алмайды. Бұл экономиканың қарқынды дамуы үшін өте маңызды», - дейді экс-президент.

Саакашвили бұрын ел басқарған кезде жіберген қателіктері үшін халықтан кешірім сұрады және жиған тәжірибесі оған ел үкіметін басқарған сәтте көмектесетінін айтты. Парламентке аралас жүйе бойынша 150 депутат сайланады: олардың көбі партия тізімі бойынша, қалғаны мажоритарлық бір мандатты округ бойынша сайланады.

Тамыз айында Грузияның «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясы ел билігінің Михаил Саакашвилиді сырттай соттағанына қарамастан, оның кандидатурасын премьер-министрлікке ұсынды.