Сабақтан себепсіз қалғаны үшін оқушының анасы айыппұл арқалады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 13 жастағы (2011 жылы туған) оқушы 2 қыркүйектен бері мектепке бармаған. Бұған дейін, 2025 жылдың маусым айында, оның анасы дәл осындай құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот әйелді баласын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін қайталап орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігі) кінәлі деп таныды. Заң бойынша бұл әрекет үшін 15 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

Әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар екені және өз кінәсін мойындағаны ескеріліп, сот айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайтты. Нәтижесінде оған 41 мың теңге айыппұл салынды.