Сабақ үстінде былапыт сөз айтқан оқушының анасына айыппұл салынды

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі мәлімдеді. 

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі әйел адамның ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапқа тартылғанын мәлімдеді. 

"Биология сабағының үстінде былапыт сөйлеп, осы арқылы айналасындағыларға құрметсіздік танытты", - дейді сот өкілдері.