Сәби үшін дастарқан басы - дүниетану сабағы


Ғалымдар туғанына 16 ай бол­ған сәбилердің іс-әрекетін ұзақ уақыт бақылаған, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы. Тәжірибе бары­сында дастарқан басындағы бала­ларға 14 сұйық тағам көрсетіліп, олардың атауы айтылған. Күнде­лік­ті дағдының нәтижесінде бүлдіршіндер сұйық тағамдарды көргенде үйреншікті сөздерді ды­быстауға тырысатынды шығара­ды. Тіпті әлгі заттарды қатты фор­ма түрінде көрсеткенде де, олар­­дың атауын шатастырмайтын болған. «Баланың дастарқан басында тамақты езгілеп ойнауы - оның қалыпты дамып, дүниені тани бас­тағаны», - дейді амери­ка­лық маман­дар.