Осы қателікті түзеу үшін педиатрлар жас аналар орталығын ашуға мәжбүр. Бүгін сондай мектептің бірінде арнайы дәріс өтті. Оған 50-ге жуық жаңадан босанған әйелдер шақыртылыпты. Келіншектерге мамандар баланы ана сүтімен өсірудің пайдасы мен ережесін түсіндіріп жатыр. Десе де емізу табиғи инстинкті құбылыс болғанымен, оның да өзіндік дұрыс орындалуы тиіс техникалық қағидаттары бар екен. Мәселен, баланы қатты шалқайтпай, құшаққа алып емізсе, сүт құнарлығы артады дейді. Әрі бала шашалмайды. Және екі омыраумен алма кезек емізген шарт. Дәрігерлер сәбиді 2 жасқа дейін емізуге кеңес береді. Тек 6 айлығынан бастап қосымша құнарлы аспен тамақтандырған дұрыс.
Бейсебала Ұйқасбаева, педиатр:
-Бала туғаннан 98 пайызға ананың сүтімен күш жинайды. Иммунитетін күшейтеді. Сондықтан жоқ дегенде бір жыл нәрестені емізу міндет. Бірақ бүгінгі аналар олай етпейді. Ерте жұмысқа шығып кетеді, немесе сымбатының бұзылуынан қауіптеніп жатады. Бұл енді дұрыс емес. Ең алдымен бала денсаулығын ойлау қажет.