Сәбиінен айрылған келіншек перзентханадан өтемақы өндіріп алды


Наталья есімді әйелдің бастан өткерген жағдайын алдыңғы хабарларымызда көрсеткен едік. Олақ дәрігерлердің кесірінен ол құрсағындағы сәбиінен айырылып  артынша жатыры да кесілген. Кейін ісіне салғырт қараған ақ халаттылардың бірі кінәлі деп танылып сотталған болатын. Ал суррогат ананың көмегімен бала сүймек болған келіншек кеткен шығынды енді перзентханадан қайтарып алғалы жатыр. Сот оның бұл бастамасын құптап мекемені өтемақы төлеуге міндеттеді.