Сабина Алтынбекова Азияның ең сұлу спортшы қыздарының көшін бастады

Олардың қатарына қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова бар.

Рейтинг авторы оны бірінші орынға қойған, деп жазды vesti.kz.

«Соңғы кездері Азияның сұлу спортшы қыздары туралы әңгіме қозғағанда, ең алдымен Сабина Алтынбекованың есімі ойға келеді. Ол 2014 жылы көпшілікті көркімен тамсандырған еді. Алайда спорттың өзге түрлерінде де онымен бәсекелесе алатын қыздар бар», - деп атап өтілген порталда.