Спортшы аталған клубта 1 ай бойы жаттығып келген. Биыл қарашада клуб спортшылары V.Challenge Ligue чемпионатында бабын сынайтын болады.
Өзінің блогында қазақстандық спортшы жаттығу 8 сағатқа дейін жалғасатынын айтқан. Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен Азия жастар чемпионатында көзге түскен. Қытай журналистерінің обьективінен түспеген бойжеткен аз күнді әлемге танымал болды.