"Сәбитке ауыр тиетін болды": Алтынайдың екінші күйеуіне қыздарының бассейнде асылғаны қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әнші отбасымен жақында Түркия еліне демалысқа кеткен болатын. Ал күні кеше Алтынай Жорабаева қыздарының бассейнде екінші күйеуінің  мойынына асылып ойнаған видеосын жариялады.

Видео әлеуметтік желіге тарап кетіп, қызу талқыға түсті.

Көпшілікке бұл жағдай аса ұнамады. Желіде: "Туған әкесіндей болмас","Сәбитке ауыр тиетін болды","Қандай тамаша, қыздарын өз қызындай көріп, еркелетуде", Алтынай махаббатқа қатты мас болып кетпе, абайла, еркекке сенім жоқ.","Қыздары үлкен болып қалған екен ғой","Ерсі ғой, бойжеткен қыздардың бөтен еркектің мойынына шыққаны несі, масқара", - 
деген пікірлер жазылуда.

Айта кетейік, сондай-ақ Алтынай ханым Түркиядан 3 бөлмелі пәтер сатып алғанын оқырмандарына қуана жеткізді.