- Әрине одан осыны күтуге болады! - десті бір-біріне қарап алып.
Сәлден соң жезөкшелер үйіне ұрлана келіп пастор кірді. Олар бұған да таң қалған жоқ.
- Одан да бұл нәрсені күтуге болады! - десті тағы да жұмысшылар.
Аздан соң жағасын көтеріп, басын тұмшалап алған католик дін қызметшісі де зып беріп кіріп кетті.
- Қандай масқара! Қыздардың бірінің жағдайы шынымен де қиын болған ғой...
* * *
Бірде лекцияға кешігіп бара жатқан профессор такси ұстап мінеді де:
- Тезірек! Барынша қатты жылдамдықпен! - деп бұйырады.
Такси бар жылдамдықпен жүйткіп келеді. Бір кезде профессор баратын мекен-жайын айтпағаны есіне түсіп:
- Сіз қайда бару керек екенін білесізбе? - деп сұрады.
- Білмеймін, бірақ мен өзіңіз айтқандай барынша қатты жылдамдықпен келемін...
Автор: Жүрсін Кәрім