"Садақадан жиналған ақшаға Америкада қыдырып жүр": Қабылбек Әліпбайұлы жауап берді

Бұл туралы уағызшы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

- Садақа деген мешіттегі мәселе. 2020 жылы Қарағандыдан Алматыға ауысып келдім. Содан бері мен мешітте имам емеспін. РАНТ мүшесімін. 

Мешіттер халықтың садақасымен күн көріп отыр. Қалалық жерде түсім көп болып, мешіттер жылуын жауып отыр. Ауылды жерде бұл жағдай қиын. Түсім өте аз. 

Сол үшін, садақаның ақшасына жинап алып, шетелге барыпты дегенді қою керек, Құдай сақтасын. Кішігірім кәсібіміз де бар, Аллаға шүкір. Кәсіпкерлердің демеушілігімен, барып келген жағдайымыз бар, - деп уағызшы көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді.