«Күні бойы іздеу жұмыстарын жүргіздік. Әзірше еш нәтиже жоқ. Сафар Шакеевтің қайда екенін айтқан адамға 10 млн. теңге сыйақы тағайындалды. Еріктілерді таңғы 7-ден бастап «Сейфуллин» және «Алдар көсе» көшелерінің қиылысында жинаймыз. Тағы да адамдар керек.
P.S. Бұл жігітті өз басым танимын. Өте сенгіш, мейірімді, адал жігіт. Ол табылады деп үміттенемін», - деп жазды Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов Facebook-те.