Сағадиев оқушылардың жазғы демалысы қалай өтетінін айтып берді


Оның айтуынша, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшiн республикада 14 мыңға жуық денсаулық лагерi мен алаң жұмыс iстейдi. Олардың саны 2016 жылмен салыстырғанда 10 пайызға өскен.

"Жазғы лагердегi демалыспен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 1 млн 655 мың бала немесе 61 пайыз қамтылады деп отырмыз. Каникул кезiнде балалар үшiн қосымша сабақпен айналысудың әртүрлi жолдары қарастырылып отыр. Жазда 600-ден астам олимпиялық мектеп, 2 мың тiлдiк мектеп, 10 мың шығармашылық орталық, 14 мың спорттық-туристiк бағыттағы ұйым, 15 мың еңбек және демалыс орманшылық лагерi мен топтары жұмыс iстейдi, — дедi министр.