Сағынбек Тұрсынов Қазақстан президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалды - жарлық

Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Жабайхан Әбділдин комиссия құрамынан шығарылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылдың сәуір айында Қазақстан президентінің жарлығымен С.Тұрсынов Қазақстан Республикасының Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, сондай-ақ, Қазақстанның Болгария, Румыния және Словакиядағы елшісі міндеттерін қоса атқарушы қызметтерінен босатылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті