Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, “Сайлау туралы” Конституциялық заңға бір ғана түзету енгізілмек. Соған сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталғаннан бастап сайлау қорытындысы ресми түрде жарияланғанға дейін митингілер, шерулер мен демонстрациялар сынды қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді паш ететін шараларды өткізуге салынған тайым алынбақшы.
Үкіметтің заң жобасына берген түсініктемесінде атап көрсетілгеніндей, бұл мәселе “тұтастай алғанда “Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу және оларды ұйымдастыру тәртіптері туралы” заңмен реттеледі”.