"Бүгін, сайлау күні ішкі істер органдарына жасалған кез-келген шағымдар мен арыздар тез арада қабылданып, қаралатын болады",- деген уәде берді А. Шпекбаев. Сонымен қатар ол, "сайлау учаскелеріндегі оқиғаларға дер кезінде әрекет ету үшін әрбір қалалық және аудандық органдарда екі-үш мобильді жедел-тергеу топтары құрылған, олардың құрамына прократураның қызметкерлері де кіреді", деп атап көрсетті.
"Ішкі істер органдары елдегі тұрақтылықты, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында сайлау күні де және ол аяқталғаннан кейін де қоғамдық тәртіптердің бұзылуына жол бермеуге қатысты заңмен қарастырылған барлық шараларды қолданады",- деп сендірді А. Шпекбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті