Сайлау күні тәртіп сақтауды 100 мыңнан астам полицей жүзеге асырған - ІІМ



"Сайлауда қауіпсіздікпен қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігі жеке құрамы түгел дерлік қатысты, бұл 100 мыңнан астам адам",- деп атап өтті ол. Сондай-ақ, "бүкіл Қазақстан бойынша сайлау учаскелері маңындағы аумақтарға аса назар аударылды", деп қосты.

"Сайлау тыныштық ахуалында өтті, полиция атына бақылаушылар тарапынан да, сайлау комиссияларының тарапынан да сын айтылған жоқ",- деп атап өтті Б. Қожахметов. Оның айтуынша, "полицейлер тиісті күзет пен сайлау бюллетеньдерін жеткізуді қамтамасыз етті". "Сайлау" электрондық дауыс беру жүйесі орнатылған учаскелер ерекше өкімге дейін полиция күзетінде болады",- деп қосты ол.