Сайлау органдары таяу уақыттарда мәслихат депутаттарының қатарын толықтыра сайлауды қамтамасыз етуге тиіс

"Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарының сайлауы жанама сайлау құқығының негізінде өтетіндіктен, яғни, дауыс беруге сайлаушы ретінде мәслихат депутаттары қатысатындықтан, сайлау органдарының бір басты міндеті - таяу уақыттарда мәслихат депутаттарының қатарын толықтыра сайлауды қамтамасыз ету. Өйткені, кейбір округтерде түрлі себептермен депутаттардың орны бос", - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, "бүгінгі күні Қазақстанда түрлі деңгейдегі 213 мәслихат жұмыс істейді, олардағы депутаттар корпусында 3 335 адам бар. Қазіргі жағдаймен 34 мандат иесіз".

"Тиісті округтерде кеткен депутаттардың орнына басқасын сайлау бағытында сайлау науқандары жүргізілуде. Олардың басым бөлігі тамыз айында аяқталуға тиіс, соңғы кезеңі - қыркүйектің бірінші онкүндігі", - деді ОСК төрағасы.