Сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулердің жобасы парламентке енгізілді

"Бізге мәлім ақпаратқа сәйкес, заң жобасы парламентке енгізілген. Қалғаны мәжілістің құзырында",- деді О.Жұмабеков.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, "заң жобасы тым ауқымды емес. Оны талқылау көп уақыт алмайды. Бірақ заң конституциялық заңға жататындықтан, оны талқылау біраз айырмашылықта болмақ".
Конституциялық заңдар парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында бірнеше оқылымда қаралуға тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулерді биылғы көктемде жобалаған.