Сайлау заңына енгізілетін түзетулер парламент палаталарының 8-сәуірде өтетін бірлескен отырысында екінші оқылымда қаралады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28-наурызда өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында мәжілістің 53, сенаттың 33 депутаты заң жобасын алғашқы оқылымда қабылдауға дауыс берді.

Сондай-ақ қос палатадан жасақталған комиссия аталмыш заң жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер туралы есеп береді деп күтілуде.