1637 адам облыстық мәслихаттарға, 3482 адам аудандық, 1915 адам- қалалық мәслихаттарға депутаттықтан кандидат ретінде ат ұсынған.
Сайлау кампаниясы басталғаннан бері 535 адам сайлауға қатысудан бас тартса, 4 адам сайлау комиссиясының шешімімен тіркеуден алынды, сондай-ақ, сайлау комиссиялары және сот шешімімен 18 кандидатты тіркеу қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетсек, мәслихат сайлаулары 2003-жылдың 20-қыркүйегіне белгіленген.