Сайлауға бақылау жасау комитеті өз жұмысын қайта жаңғыртты

"Бүгін біздің комитет алғаш рет бас қосты, біз ұйымдастыру мәселелерін алдын-ала қарадық", - деді республикалық қоғамдық бірлестіктің үйлестіру кеңесінің отырысынан кейін журналистермен өткен кездесуде комитет төрағасы Қуаныш Сұлтанов. "Барша ұйымдастыру жұмыстары келесі аптада басталады", - деді ол.

Бірлестік жетекшісінің айтуынша, комитет жұмысының басты мақсаты - "обьективтілік, бейтараптық пен туралық үшін күресу". "Біз додаға түсетін барлық саяси партиялардан, билік пен оппозициядан бойымызды аулақ ұстайтын боламыз", - деп сендірді Қ.Сұлтанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті