Сайлауға бақылау жасау жөніндегі комитет дауыс беру барысында өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ (толықтырылған нұсқа)

"Сайлау өте тыныштықта өтті, ауан ойдағыдай болды. Ешқайда ешқандай қайшылықтар және заң бұзушылықтар тіркелген жоқ",- деп хабарлады жексенбіде Астанада өткен баспасөз мәслихатында комитет төрағасы Қуаныш Сұлтанов.

Сонымен қатар, Сұлтановтың айтуынша, кейбір ұйымдастырушылық -техникалық кемшіліктер болды. "Мысалы, сайлаушылар тізімін жасау проблемасы: кейбіреулері тізімде нақтыланбаған. Бұрынғы кездегідей, отбасы мүшелері үшін де дауыс бермек болды",- деп түсіндірді ол.

"Бірақ, осыларға қарамастан, мен адамдар сайлауға өте үлкен қызығушылық танытты деп ойлаймын. Бұған өткен сайлауға (депутаттар) сайлаушылардың 56 пайызы келген, ал осы жолы 10 пайыздан артық - 65 пайызға жуығы келді",- деп қорытындылады Сұлтанов.

Комитеттің астаналық бөлімшесінің төрайымы Наталья Калашникова өз кезегінде, Астананың сайлау учаскелеріндегі ерікті адамдардың анықтаған кемшіліктерін атап өтті. "Бірінші кезекте, бұл тізім. Бүгін біз осыған байланысты сайлаушылардың ескертуін алған сайлау учаскелерінің 40 - 50 пайызын атап өтеміз. 5 - 6 жыл бұрын көшіп кеткен адамдар тізімде қалып қою жағдайы да кездесті",- деді ол. Сонымен қатар, "сайлаушылардың дауыс беруі нақты учаскелерді жүзеге асқандығына қарамастан, кейбір сайлаушылар өздерін тізімнен таба алмай қалған жағдайлар да болды",- деді ол.

Бақылаушылардың бюллетеньнің сапасына деген көңіл толмаушылықтар да болды. "Бұл жерде қалалық сайлау комиссиясы жіберген олқылықтар бар, себебі бюллетеньді қолына алған сайлаушы кейбір мәслихат депутаттығынан үміткерлердің аты-жөнінің сызылып қалғандығының да куәсі болды. Оларды үміткерліктен алынып тасталуына байланысты сызып тастаған. Мұндай бюллетеньдер сайлаушылар тарапынан түсініксіздік тудырды",- деді республикалық қоғамдық бірлестіктің астаналық бөлімшесінің төрайымы.

Сонымен қатар, "бір кабинаға 2 -3 адамнан кірген жәйттер де болды",- деп хабарлады бақылаушы. Сайлаушылардан ешқандай құжат талап етпеген жағдайлар да тіркелді. "Оларды тұрғылықты тұратындықтарын растау үшін тіркеу кітапшасын әкелуге жіберіп жатты",- деп түсіндірді ол.

Н. Калашникованың атап көрсетуі бойынша, астаналық бөлімше барлық ескертулерді жинақтап қорытып, атқарушы билік органдары мен қалалық сайлау комиссиясына жібереді.

Сайлауға бақылау жасау жөніндегі комитет 2005 жылы президент сайлауы кезінде құрылған. Оның құрамына белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті