Сауытбайдың видеосы Facebook желісіндегі "Тәуелсіз журналистер клубы" парақшасында жарияланды.
"Мен Сайрагүл Сауытбай шекарадн асып өтті деген айыппен 2018 жылдың 22 мамыр күні қолға алындым. 2018 жылдың 30 мамыр күнінен бастап Абзал Құспан менің ресми адвокатым болып тағайындалды. Абзал Құспан өресі биік, ойы терең азамат. Періштесінен айрылып, мен үшін қымбат уақытының барлығын жоғалтып алғаны үшін, алтындай уақытын отбасына көбірек арнасын деген оймен әрі Орал менен Алматы қалаларының ұзақтығының арасын ескере отырып Абзал Құспанның менің адвокатым болуынан бас тарттым. Тағдырымды Аллаға тапсырамын. Абзал Құспанның маған екінші өмір сыйлаған ұлылығына басымды иемін", - деп сөзін аяқтады Сайрагүл Сауытбай.
Естеріңізге сала кетейік, Сайрагүл Сауытбайдың пана іздеуші тұлға куәлігінің мерзімі 3 айға ұзартылған болатын.