Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Отбасы үшін шекараны заңсыз өтіп кеткен Сайрагүл адвокатымен сөйлесіп, түсінбестік жайттардың барлығын шешкенін айтты.
"Бүгін адвокатым Абзал Құспан хабарласып, барлық жағдайды түсіндірді. Арамыздағы кейбір түсініксіз сұрақтардың барлығына толық жауап берді. Бастаған жұмысымды орта жолда аяқсыз қалдырмаймын, бұл жолды соңына дейін жалғастырамын әрі бұдан үнемі хабарда боламын деп уәде берді. Сол себепті Абзал Құспанмен жұмыс жасай беруге келістік. Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссарға жүгініп, мандатты босқын мәртебесін алу үшін адвокатым Абзал Құспанмен бірге жұмыс жасайтын боламыз. Мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарының менің осы Біріккен Ұлттар Ұйымынан мандатты босқын мәртебесін алу жұмысыма ықпал етулеріңізді жалынышпен сұраймын", - деген Сайраүл Сауытбай сөз соңында өзіне қолдау білдірген барша қазақ халқына алғысын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Сайрагүл Сауытбай кеше ғана адвокаты Абзал Құспаннан бас тартқанын ресми түрде хабарлап, видеоүндеу жариялаған болатын.