Сайрагүл Сауытбай Қазақстанда қалмайтын болды

Қытай-Қазақстан шекерасынан заңсыз өткен этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қазақстанда қалмайтын болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сауытбайдың адвокаты Айман Омарова өзінің Facebook парақшасында жазды. Оның жазуынша, Сайрагүл Сауытбай ісіне БҰҰ араласып, оны басқа мемлекетке жіберген. Әзірге Сауытбайдың қай мемлекетті паналайтыны белгісіз.

"Қош бол, Сайрагул! Жолың болсын! Бақытты бол! Атажұртыңда қазақпын деп асығып, Қытайдан қашып келгенде пана бермеседе, енді өмірің дүние жүзінде ең дамыған мемкелет есігін ашты! Ұмытпа! Сен әрдайым НАҒЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ екеніңді", - деп жазды Айман Омарова.