Сайттың құрметті жазылушылары мен қонақтары!



Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің жаңалықтарымызды елімізде де, одан тысқары жерлерде де қызыға оқиды, ал еліміз нық қадамдармен халықаралық сахнаға шықты. Сол себепті біз жаңаша атауымызда қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар пайдалану қисынды деп шештік. Бұдан былай агенттіктің атауы қазақ тілінде "Қазақстан бүгін", орыс тілінде "Казахстан сегодня", ал ағылшын тілінде "Kazakhstan Today" деп аталатын болады.

Ақпараттық агенттіктің журналистері ұжымының мұндай таңдау жасауына бұрын біз құрамында жұмыс істеген "Алма Медиа" баспа үйі басшылығының жаңалықтар таспасының шығуына тыйым салып, біздің іс-қызметімізді іс жүзінде доғаруы себеп болды. Сөйтіп біз өзіміздің әріптестеріміз бен оқырмандарымыздың алдындағы міндеттемелерімізді бұзуға мәжбүр болдық. Жаңадан құрылған "Қазақстан бүгін" ақпараттық агенттігін "Kazakhstan Today" агенттігі" ЖШС деп аталатын жаңа меншік иесі тіркеген. Біз ақпараттық агенттік жұмысының басты принциптері - жеделдік пен нақтылық принциптерін бұлжытпай ұстанатын боламыз.