Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айгүл Орынбектің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Жемқорлыққа толып жатқан аймақтың креативін көтеруге емес, жемқорлығын жоятын кеңесші керек!
Пиардан, өтірік есептен, шаршамадыңыздар ма?
Бұл мемлекет өзімізге керек қой!
Жемқорлық жүйелеп кеткен аймақта кретивіне емес, жергілікті басқару жүйесіне көңіл аударып, сыбайласқан жемқорлықты жою керек!
Дархан Сатыбалды мырза!
Түркістан облысының жемқорлығы мен былығын сайқымазақ актері арқылы креативно көтергіңіз келді ме?!
Онда сізге кеңесім болсын, Түркістан тек қаладан тұрмайды , аудандар бар!
Қоянбаевты ауылға жіберіңіз!
Қоянбаевты ауыл аймақтағы бала бақшаларға жіберіңіз, айлық алмай отырған.
Бейсен Тәжібаев бастаған Түркістан облысының басшылары, тәрбиешілердің айлығын айлап
неге төлемей отырғанын креативно түсүндірсін.
Айтпақшы, Түркістан облысы Мәдениетке бөлінген миллиондарды ақтарып отырмын соңғы күндері, креативно жейтін жемқорлар көбейіп кеткеніне қарағанда Антикор ұйықтап қалған ау?! ", деп жазды.
"Кеңесшіге жарыды", "Естен танарлықтай жаңалық болды", "Бір сайқымазақ аз еді түгелденіпті...", "Сайқымазақ, шоумендерге халқымыздың тағыдырын сеніп тапсырған шенеуніктерге қатаң шара көрілсін!", деп жазды оқырмандар.