Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбековтің фейсбуктеі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Өзбекстан «сақалстан» статусынан ажырамақ.
Сақалын қырмағандарға біздің ұлттық валютаға шаққандағы сомма — 194 мың теңге айыппұл салу басталып кеткен.
Сақалын алмай қасарысқандар «мемлекет заңына бағынбағандар..» бабы мен жауапқа тартылмақ.
Бұл заң көп ұзамай бізге де келеді—күтіңдер.
Сонда, басы ішінде «грамм» миы жоқ болса да, сақалын сипап тұрып әңгіме айтатындар азаяды.
Жә, бұған тағы—уағыз айтуда, оны орындауда шектен шыққан— өздерінен басқа ешкім де кінәлі емес.
Өздеріне керек сөздерді— құдайдың аузымен айттырып, «бейбіт діннің» берекетін қашырғандарың рас", деп жазды.
"Бір жылдары орамалға Өзбекстанда запрет қойды деп бөріктерінді аспанға атып, кейіннен позор болғандай, бұл жолында солай боласындар, қарада тұрыңдар!", "Сөздің көркі мақал, ердің көркі сақал; сөздерінде мақалы жоқ, иегінде сақалы жоқ тек бәйбіше мен тоқал!
(с)Әйтеке би!", "Біздің дүмшелер сақалда періште болады деуші еді, енді Өзбек еліндегі періштелер мигрант боп, бізге ағылады десеңізші", деп жазды оқырмандары.