Caravan Logo

Сәкен Майғазиев пәтер жағалап жүрген кездегі суретін жариялады

Сәкен Майғазиев пәтер жағалап жүрген кездегі суретін жариялады


Белгілі әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жастау кезінде ұлымен бірге ұйықтап жатқан суретін жариялады. Онда былай деп жазылған:

«Ескі суреттерден естелік. Әділет (ұлының аты – ред.) екеуміздің ұйқыны «теуіп» жатқан кезіміз. Киіммен жатқанымызға қарағанда, үй суық-ау. Жатақxанадан жатақxанаға, пәтерден пәтерге көшіп жүрген кезіміз ғой. 2000 жылдар, шамасы. Алла-тағала баршамызға жақсы түс көруді нәсіп еткей».