Сәкен Майғазиев Шымкент мәдениет үйінің жетекшісі қызметінен босатылды

Бұл туралы Шымкент қалалық мәдениет басқармасы Facebook және Instagram желісіндегі  ресми парақшаларында хабарлады,-деп жазды Caravan.kz порталы.

Жазбаға сүйенсек, Сәкен Майғазиев «шығармашылық жұмысының көбеюіне» байланысты қызметтен кету туралы өтініш жазған. Ол бұл қызметке 2020 жылғы желтоқсанда тағайындалған болатын.

Шымкент қаласының мәдениет саласындағы кадрлық өзгерістер туралы:

"Майғазиев Сәкен Қордабайұлы шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК директоры лауазымынан жеке өтініші бойынша өз еркімен босатылды.",- деп жазды.