«Сәкен Сейфуллин» энциклопедиясының тұсаукесері болды

Сол игі бастаманың айғағы ретінде бүгін еліміздің Ұлттық академиялық кітапханасында Қарағанды қалалық «Болашақ» университетінің Орталық Қазақстан гуманитарлық институтының бастамасымен жарық көрген «Сәкен Сейфуллин» атты энциклопедияның тұсау кесері болды.

9 бөлімнен тұратын энциклопедияға сәкентанушы ғалымдардың еңбектері, ақынның өмірі және қоғамдық қызметіне қатысты тың пікірлер мен тарихи мәлімметтер енген. Сондай-ақ аталмыш энциклопедияға сөзінің сыны мен сыры бөлек біртума ақынның жазушы, ақын, ірі қоғам қайраткері, дарынды драматург ретіндегі сан қырлы таланты мен мәні мен мазмұны терең мұрасынан сыр шертетін құнды деректер жинақталған.

«Болашақта Қазыбек би мен қазақтың ұлы ойшылы Бұқар жырау мұрасы жайындағы құнды деректерге негізделген 2 жаңа энциклопедия жарыққа шықпақ», - деп мәлімдеді «Сәкен Сейфуллин» энциклопедиясының бас редакторы, «Болашақ» университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков.