Сахара шөліне екінші жыл қатарынан қар жауды

Сахарадағы қар жексенбі күні таңертеңнен бастап Алжирдің солтүстігіндегі Айн-Сефра қаласында жауа бастаған. Қардың қалыңдығы 40 см дейін жетті. Кешке қарай қар еріп кетті, деп хабарлайды жергілікті «ТСА» газеті.

Соңғы 37 жылда шөл далада 4 мәрте қар жауыпты. Оның ең соңғысы 2017 жылы тіркелген.