Сахаров атындағы сыйлықтың иегері анықталды


Еуропарламент өкілі Мартин Шульцтің айтуынша, Президенттер конференциясы зорланған әйелдер құқығын қорғауда өз үлесін қосқан Демократиялық Конго Республикасының дәрігері Муквеге Дениске Сахаров атындағы сыйлықты беруді бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.

Сыйлық 26 қараша күні Страсбуртегі Еуропарламенттің пленарлық отырысы кезінде тарту етіледі.

Сахаров сыйлығы адам құқығын қорғауда үлес қосқан жеке тұлға немесе ұйымға беріледі. Еуропарламент премиясының бірінші лауреаттары қатарында 1988 жылы Нельсон Мандела, Кеңес Одағы диссиденті Анатлоий Марченко бар.