С.Ахметов Алматы G-4 City серіктес қалалардың құрылыс нысандарының барысымен танысады


Сапар барысында Үкімет басшысы Алматы облысындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысады.

Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша, ол Іле ауданындағы облыстық құс фабрикасына, Алматы желдеткіш зауытына барады, серіктес-қалалардың даму барысымен, сонымен қатар, «Алматы-Талдықорған» бағытындағы жолдардың құрылысымен танысады.