қорғаушысы оны ақтап шығуға күш салмақ. Бұл туралы оның адвокаттарының бірі Николай Лесник хабарлады.
«Қорғалушыны айыптаған қылмыстық тергеу органының тұжырымын негізді деп таныған прокуратура органдарының ұстанымымен келіспейтіндігімізді айтқым келеді. Олар оған қатысты істі сотқа жіберді. Қорғалушы тарап қадағалаушы органға өз ұстанымын берген шағымында білдірген, ол қанағаттандырылмады», - деді Н.Лесник.
Ол өз ұстанымын сотта әрі қарай қорғай түсетінін атап өтті.
«Қорғалушының кінәсіздігін дәлелдейтін объективті фактілер мен мән-жайлар бар. Ол сотта қаралады. Кейіннен істің нақты мән-жайы ескеріліп, біздің пікіріміздің негізділігі расталады, оған өздеріңіз куә боласыздар», - деп қосты адвокат.
Қарағанды облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 13 шілдеде келіп түскен 300 томнан асатын қылмыстық іс әзірге өндіріске қабылданбағанын айтты.
«Әлі үлгермей жатыр, іс ауқымды. Тиісті мерзім 5 тәулікте (ҚР ҚПК сәйкес) қабылданады. Бұл туралы БАҚ-та хабарланады», - деді сот кеңсесінде.
Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарланғандай, қадағалау органы бұрынғы премьер-министр С.Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Б.Әбдішев, Қарағандының бұрынғы әкімі М.Смағұлов, тағы да басқа бұрынғы шенеуніктер мен бизнесмендерге қатысты қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады. Қылмыстық іске барлығы 21 адамның қатысы бар, олар лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдаланғаны, бюджет қаражатын жымқырғаны, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін айыпталуда. С.Ахметовке ірі көлемде пара алғаны үшін айып тағылды.
«2015 жылғы 13 шілдеде мәні бойынша қарау үшін жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Қарағанды облысы бойынша қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Айыптылар сотқа тапсырылды», - деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Тергеу нұсқасы бойынша, С.Ахметов 1 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын қымқырып, 500 млн теңге көлемінде пара алған.
Еске салсақ, С.Ахметов сегіз айдан бері үй қамақта. Тергеу оқшаулағышында сотты тағы бес адам күтуде. Сонымен бірге тұтқында облыстың бұрынғы әкімі Б.Әбдішев, Қарағандының бұрынғы әкімі М.Сұмағұлов бар. Қалған қатысушыларға қатысты қоғамнан оқшаулаудан тыс бұлтартпау шаралары қабылданды.